Нұр-Сұлтанда өткен ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде 8 мың тоннадан астам өнім сатылды

1 Қараша 2019, 07:36
1505
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда өткен ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде 8 мың тоннадан астам өнім сатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылы астанада 50 өңірлік және қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, онда 8420 тонна өнім сатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 50 өңірлік және қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, онда жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге 8420 тонна өнім сатылды. Бүгінгі таңда қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері Сауран көшесі, 7 үй, Сығанақ көшесі мен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысында және «Қазақстан» спорт кешенінің жанындағы алаңда ұйымдастырылып отыр.  

Жәрмеңкелерде елорда мен ел өңірлерінің тауар өндірушілері мен жеке кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылған. Оны өткізудегі мақсат халықтың қажетті азық-түлік өнімдерін адымдық қашықтықта қолжетімділігін қамтамасыз ету, жақын маңайдағы супермаркеттер мен азық-түлік дүкендеріне бәсекелестік орнатып, әлеуметтік маңызға ие азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу және отандық тауар өндірушілерді қолдау.

Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызға ие өнімдердің бағасы базардағы бағадан 10-15% арзан.




Өзгелердің жаңалығы