Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның үздік шипажайы таңдалды
Серіктестік материал
06 Желтоқсан 2019, 21:45 1068

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның үздік шипажайы таңдалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "National Tourism Awards 2019" – туризм саласындағы екінші ұлттық жүлдесінің лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Айта кету керек, бұл жүлде екінші рет өткізіліп жатыр.


Туризм саласының кәсіби қоғамдастығы, атқарушы билік органдары, ҮЕҰ және стейкхолдерлер арасында Қазақстанды беделді туристік орталық ретіндегі имиджін қалыптастыру, сонымен қатар туристерге көрсетілетін қызмет деңгейін жақсарту мақсатында өткізілетін шара дәстүрлі алаңға айналды.

Биылғы жылы байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 114 туристік индустрия өкілдері яғни, қонақ үйлер, шипажайлар, туроператорлар, сондай-ақ, туризммен байланысты салалардардың көшбасшылары Ұлттық жүлдеге қатысуға ниет білдіріп, өз өтінімдерін қалдырған. Екі кезең қорытындысы бойынша финалға әр аталым бойынша 3 үміткер шықты.
  
Іріктеу екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әр аталым бойынша сараптамалық кеңес туристік бірлестіктердің ішінен көшбасшыларды таңдалды. Ал екінші кезеңде үздіктерді анықтауға барлық қазақстандықтар онлайн-дауыс беру арқылы қатысуға мүмкіндік алды. Осылайша, онлайн-дауыс беру кезінде 12 мыңнан астам адам лайықты үміткерге дауыс беру үшін Жүлденің ресми сайтына тіркелген.
   
10 аталым бойынша жеңімпаздардың әрқайсысы лайықты марапатқа ие болды:

1. "Жылдың үздік туристік компаниясы" - "Limon.kz" туристік компания;
2. "Үздік гид -экскурсия жүргізуші" - Сергей Дрозд;
3. "5 санаттағы ең үздік қонақ үй" - Astana Marriott Hotel;
4. "4 санаттағы ең үздік қонақ үй" - Green Which Hotels;
5. "3 санаттағы ең үздік қонақ үй" - Park Inn by Radisson Astana;
6. "Үздік шипажай" - "Оқжетпес" емдеу сауықтыру кешені;
7. "Балалар мен жасөспірімдер туризмі бойынша жыл жобасы" - "Ұлы дала скауттары" ҚБ; 
8. "Туризмді дамытудың үздік жобасы" - "Хабар 24" телеарнасы "Большие города" жобасы;
9. "Туризм туралы үздік блогы" - Асем Орсаева "Сенің Шығыс Қазақстаның" туризм жайлы анықтама;
10. "Оқиғалық туризм бойынша үздік жоба" - "Ұлы дала марафоны" жобасымен "Tengri Ultra" компаниясы.

"Kazakh Tourism "ҰК" АҚ және ұлттық компанияның серіктестері жариялаған 2019 жылғы арнайы аталымдарына келесі компаниялар жеңіске жетті:

1. "Қазақстандағы туризмнің дамуына қосқан үлесі үшін" - Тугелбай Бекбергенов;
2.  "Туризмді дамыту бойынша үздік медиа ресурс" - Kazakh TV;
3.  "Қолөнерді дамытуға қосқан үлесі үшін" - Айжан Беккулова; 
4. "Ең жасампаз блогер" - Сәкен Кагаров;
5. "Туризм саласының жыл меценаты" - Сергей Спицын.

Біздің елдің әр аймағында табиғаты әсем, минералды суы мен емдік балшығы бар көптеген шипажайлар жұмыс істеп келеді. Жалпы, елдегі туризмді дамытуда шипажай қызметінің алар орны айрықша. Және туристердің біздің елге деген қызығушылығын арттыруда шипажайдың әлеуеті өте жоғары.

Туризм саласының "National Tourism Awards - 2019" Ұлттық жүлдесінің онлайн-дауыс беру кезеңінде "Үздік шипажай" аталымы бойынша финалға 3 көшбасшы өтті: "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені, Рахман қайнары және "Зерен Нұр" санаторлық-сауықтыру кешені ЖШС. 

"Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені жеңімпаз атанды.
Шипажайлар – ұлт денсаулығын сақтауға арналған. Денсаулық сақтау туризмі халықтың әл-ауқаты үшін стратегиялық маңызды болып табылады. Сондықтан біз осы пайдалы бағытты белсенді дамытудамыз. Бізге жыл сайын әдемі болу үшін, денсаулықты нығайту үшін, әрдайым жас болып жүру үшін туристер көп келіп жатады. Сондықтан, осындай аталымды енгізгендеріңізге көп рахмет. Бұл біздің елдің әр азаматы үшін маңызды, - деп атап өтті жеңімпаз.
Осы жүлдеге үміткер болған әр компания еліміздің туризм саласының дамуына үлкен үлестерін қосуда. Жүлденің маңыздылығын қоғам қайраткерлері, туристік қауымдастықтар өкілдері, блогерлер мен журналистер атап көрсетті.

Ұлттық жүлдені Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Kazakh Tourism" ҰК АҚ ұйымдастырды. 


Фото: дереккөз
Загрузка...