Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда Astana Innovations Challenge аясында ұлттық стартап-сайыс өтеді
27 Маусым 2019, 10:47 156

Нұр-Сұлтанда Astana Innovations Challenge аясында ұлттық стартап-сайыс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Innovations компаниясы Seedstars халықаралық бизнес-инкубаторымен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен 2019 жылдың 2-3 шілдесінде Seedstars World TOUR ұлттық стартап-жобалар конкурсын өткізеді. Бұл туралы Telegram-да (https://t.me/MBekturova) елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова хабарлады.

Іс-шараның форматы – "How to get investment ready" буткэмп, сондай-ақ менторлары бар сессиялар. Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 финалист іріктеледі. Олар қазылар алқасы мен көрермендер алдында өз жобаларын таныстырады.

Сондай-ақ, Малика Бектұрова Қазақстанда байқау жеңімпазы Seedstars CEE Summit қатысушысы болатынын атап өтті. Осы арқылы үш айлық Growth Program және Global Seedstars Summit бағдарламасына түсіп, жарты миллион АҚШ долларына бас жүлде үшін таласқа түсе алады.

Сонымен қатар, Seedstars Nur-Sultan финалистері Investment Readiness Program-ға қосыла алады. Ɵз идеяларын инвесторларға көрсетіп, әлемнің менторлары мен кәсіпкерлерінің желісіне кең қол жеткізе алады.

Өтінімдер сілтеме бойынша қабылданады: https://www.seedstarsworld.com/event/seedstars-nur-sultan-2019 Өтетін орны: Hilton, Сауран көшесі, 46, Seedspace Nur-Sultan.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық