Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан мен 7 өңірде дабылды ескерту жарияланды
24 Ақпан 2020, 09:32 180

Нұр-Сұлтан мен 7 өңірде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 ақпанда еліміздің біртқатар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 24 ақпанда тұман сақталады. Бүгін Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

24 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с жетеді.

24 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

24 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман сақталады. 24 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде бұрқасын, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

24 акпанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

 




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...