Мырзағалиев сыбайлас жемқорлықпен қалай күресіп жатқанын айтты

11 Қараша 2019, 20:03
2375
Бөлісу:
Мырзағалиев сыбайлас жемқорлықпен қалай күресіп жатқанын айтты
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ресми таныстырылымы өтті. Экология министрі жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресу жолдарына тоқталды.   

Жемқорлықпен күресуде ең біріншісі - ашықтық және қоғаммен бірлесіп жұмыс жасау. Біздің қабылдап жатқан шешімдеріміздің ашықтығы. Оның халық үшін де, бизнес үшін де түсінікті болуы. Жасырын емес, бүгінде жемқорлыққа қатысты тәуекелдер бар. Біздің мақсат - сол тәуекелдерді жою. Бүгінгі кеңсе осы үшін ашылды.
Бүгінгі мәселелердің барлығы аса маңызды. Сондықтан, осындай аса жауапты міндетті жоғары деңгейде атқаруымыз керек. Іске сәт, "Адалдық алаңы" жобасына табыс тілеймін!,  - деп атап өтті экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Еліміздің тәуелсіздігін алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен жарияланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді.

мыр1.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  өзінің Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесіне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу қажеттілігін ерекше атап өтті.
Жоба аясында қоғамдастықпен арадағы ақпараттық өзара байланыс министрліктің ресми сайтында, сондай-ақ қоғамда кеңінен тараған әлеуметтік желілерде іске асырылады. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар жемқорлық белгілерімен күрес процесін тиімді ұйымдастыруға, қоғамға министрлік қызметіне тікелей қатысуға ықпал етеді деп үміттенеміз. Бұл тұрғыда министрлік туындаған прблемалар мен қатерлерге жедел әрекет ететін болады, - деді министр. 
мыр.jpg

Бұл орайда, ол ведомствода азаматтар өтініштері мен шағымдарын қарастырудың алгоритмі, аталған жоба аясындағы ұйымдастыру шараларының жоспары бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгүл Соловьева бұл жоба ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен іске асырылғанын айтты.

Жобалық кеңсе аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдер талқылау үшін, сондай-ақ өзге де игі жоспарларды пысықтау тұрғысында өзара іс-қимыл алаңы құрылып отыр. Бұл алаңда ел тұрғындары өз пікірлерін емін-еркін жеткізе алады. Жалпы, біз ерекше кеңсені құрдық, яғни цифрлық форматты іске асырудамыз. Кеңседе өтетін кездесулерде көтерілген әрбір мәселені зерттейтін боламыз. Салада жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін жағдайлар болады, сондықтан әрбір бағыттағы жұмысты ашық әрі түсінікті жүргізуге атсалысамыз. Атқарылатын шаралар түсінікті және қолжетімді болса, онда жемқорлық тәуекелі де айтарлықтай төмендейді, - деді Айгүл Соловьева.
Өзгелердің жаңалығы