«Мың бала» жобасына 205 мыңнан астам қазақстандық қатысты
17 Қараша 2021, 09:19 106

«Мың бала» жобасына 205 мыңнан астам қазақстандық қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мың бала» Республикалық мәдени-ағартушылық жобасының үш номинациясы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Жалпы, «Мың бала» жобасына еліміздің барлық өңірлерінен 205 мыңнан астам қазақстандық қатысты.
Жобаның арқасында Қазақстанның түрлі этностарының жастары мемлекеттік тілді тереңдете оқыту арқылы қазақ халқының мәдениетіне, дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына үйренді.


Осылайша, «Мың бала» жобасының «Өнер алды – қызыл тіл» және «Өнерлі өрге жүзер» номинацияларының 33 жеңімпазының есімдері белгілі болды.


Сонымен қатар «Тіл мектебінің әдіскері» номинациясы бойынша әртүрлі өңірлерден келген мұғалімдер, әдіскерлер арасынан 15 жеңімпаз жарияланды, олар қазақстандық жастар арасында мемлекеттік тілді оқытудың дамуына авторлық инновациялық әдістемелермен үлес қосуда. 


Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Парламенті Мәжілісінің депутаттары, АҚДМ өкілдері, ҚХА мүшелері, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан этностары арасында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту жөніндегі жұмыстағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.


Фото: дереккөз
Загрузка...