Музыка адамды депрессиядан құтқарады – ғалымдар

9 Қаңтар 2019, 17:00
2172
Бөлісу:
Музыка адамды депрессиядан құтқарады – ғалымдар

Астана, baq.kz. Британ ғалымдарының зерттеуінше басқа салаға қарағанда ұжымдағы, музыкаға қатысы бар адамдардың 96% өздерін бақытты, сабырлы сезінеді. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Лестер университетінің зерттеушілері жұмыс орнында музыка мен ән айту стресспен күресуден бөлек, адамдардың аз оқшаулануын сезінуге және ұжымдағы қарбаласты азайтуға мүмкіндік беретінін анықтады.

Сондай-ақ, ғалымдардың зерттеуінше, әртүрлі музыкалық шараларға қатысатын қызметкерлерді жиі марапаттап тұру жұмыс өнімділігін айтарлықтай өсіретінін, кадрлардың «күнделікті ісін» азайтады. Мұндай үлкен әлеуметтік қызығушылық кеңсе қызметкерлерінің көп бөлігін психологқа барудан арылтып, депрессияның ауыр формаларының даму қаупін төмендетеді.

Өзгелердің жаңалығы