Бас жаңалықтар
Мұнай зауыттарын қайта жаңғыртудың арқасында импортқа тәуелділік жойылды – Ахметжан Есімов
11 Қыркүйек 2019, 09:00 441

Мұнай зауыттарын қайта жаңғыртудың арқасында импортқа тәуелділік жойылды – Ахметжан Есімов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мұнай-газ саласының болашағы мен қазіргі жағдайы туралы баяндады. Атап айтсақ, Ахметжан Есімов осы саланы дамытуға қажетті бірқатар ұсыныстарын мәлім етті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Ең алдымен, Ахметжан Есімов мемлекет басшысына отандық мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ) жұмысын баяндады. Оның айтуынша, биыл үш МӨЗ модернизацияланып, соның арқасында импортқа тәуелділік жойылған. Сонымен қатар, Қор басшысы авиациялық жанармай импортының азайғанына және дизель тапшылығының жойылғанына да Президент назарын аударды.

Жалпы, Ахметжан Есімовтің пайымынша, қазір Ресейдегі бензин бағасы екі еске қымбат. Осы бағалар қатынасында экспорт көбейеді деген пікірді. Тиісінше, Қазақстанда тағы да жанар-жағармай тапшылығы туындауы мүмкін. Сондықтан да, Ахметжан Есімов бензин экспортын қатаң түрде реттеп отыруды ұсынды.

Екіншіден, Ахметжан Есімов ұзақ уақыттан бері игеріліп келе жатқан және кен орнын қалпына келтіру қиынға түсетін ошақтарды қолдау керек деген ұсынысын мәлім етті. Бұл ретте, Қор басшысы ресейлік тәжірибені мысалға келтірді.

«Осындай депозиттер үшін сараланған салық мөлшерлемесін қабылдауды ұсынамын. Ресей Федерациясының тәжірибесі көрсеткендей, осындай қолдау шараларының арқасында онда мұнау өндіру көлемі 12 пайызға артқан. Сондай-ақ, экспорттық әлеуеті артып, жұмыс орындары да сақталған», - деді Қор төрағасы.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов президентке Атырау облысында ірі су тазарту зауытының құрылысы басталғанын хабарлады. Аталмыш зауыт жаңа мұнай-химия зауыттарын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешпек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының барлық ұсыныстарын қабылдады.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық