Мұхтархан Ділдабеков Сиднейдегі олимпиаданы еске алды

17 Қазан 2020, 17:50
2145
Бөлісу:
Мұхтархан Ділдабеков Сиднейдегі олимпиаданы еске алды

Алматы, BAQ.KZ. Осыдан 20 жыл бұрын Австралияның Сидней қаласында XXVII жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанып, 1 қазанда өз мәресіне жетті. Сол кезде Тәуелсіз Қазақстанның спортшылары әлемге өздерінің мықтылығын мойындатты, деп жазды боксшы facebook-тегі парақшасына. 

Дайындық барысында, мен бапкерім Нұрғали Сафиулин ағай екеуміз, барлық қарсыластарды ой елегінен өткіздік. Алты ай бойы негізгі қарсыластарыммен спаррингке түстім. Қай ел болса да, бәрін аралап шықтық алты айдың ішінде. Еуропа, Африка, Америкаға барып қайттық. Бәрімен кездесулер өткіздік, зерттедік. Чемпион болу үшін тек кубалық Рубалкабадан өту керек болды, - дейді ол 

Оның айтуынша, кубалық боксшы қарсыластарының бәрін құлатып келе жатқан. Ширек финалда екеуінің жолы түйіскен.

Делегациядан барған кей кісілер «Енді келесі Олимпиадаға дайындала беріңдер. Бұл жолы Мұхтарханның жолы болмады» деген пікір айтты. Біздің ойымыз мүлде басқа. Ер кезегі үшке дейін. Екі рет ұтылып, енді үшіншісін біз ұтамыз деп шықтым. Алла абырой беріп, жеңдім! Рубалкабаны италиялық Видоз екеумізден басқа ешкім ұта алмаған. Өйткені бойы – 206 см, салмағы 134 келі сіңірлі, жылдам қимылдайтын дарынды боксшы. Содан Рубалкабаны ұтқаннан кейін өзбек әріптесім Саидовтан қалай да өту керек болды. Ол да мықты, бірақ басқа жол жоқ. Бар күшімді салып, үш раунд бойы бокстасып, ұттым. Финалда да бар күшімді беріп, техникамды пайдаландым, бірақ Күміс бұйырып тұр екен. Өзім үшін бұл өте қымбат жүлде... Қымбаттығы сонша, қызыма Күміс деп есім бердім!, - деп жазды Ділдабеков.
Өзгелердің жаңалығы