Моңғолиялық қазақ депутат ауласына көшет еккен тұрғындарға 1 млн төгрөгтен берді

7 Қараша 2021, 16:08
1865
Бөлісу:
Моңғолиялық қазақ депутат ауласына көшет еккен тұрғындарға 1 млн төгрөгтен берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияда тұратын қазақ депутат Әубәкір Тілеухан Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласын үлгілі жасыл аймаққа айналдыру және тұрғындардың ағаш отырғызу бастамаларына қолдау көрсету мақсатында өткен жылдың көктемінде «Жасыл Өлгий» науқанын бастаған болатын.

Жергілікті МОНЦАМЭ агенттігің мәліметіне қарағанда, депутат акция аясында ауласына ең көп ағаш отырғызған отбасылар ақшалай сыйлықтармен марапатталатынын айтқан еді.

«Жасыл Өлгий» акциясына аймақ орталығындағы 60-қа жуық шаруашылық жұмылдырылып, барлығы 3272 түп ағаш отырғызылды.

Ұлы Хурал мүшесі Әубәкір Тілеухан ең көп ағаш отырғызғанын нақты көрсеткен 30 отбасының әрқайсысына 1 миллион төгрөг (142 мың теңге көлемінде - Е.Ж.), қалған 30 отбасына 50 мың төгрөг (7100 теңге көлемінде - Е.Ж.) сыйақы берді.

«Жасыл Өлгий» науқаны келер жлы да жалғасын табатыны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы