Бас жаңалықтар
Қазақстан елшісі Моңғолиядағы қазақ диаспорасымен кездесті
PHOTO
12 Қараша 2019, 10:48 352

Қазақстан елшісі Моңғолиядағы қазақ диаспорасымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-8 қарашада Моңғолиядағы Қазақстанның елшісі Жалғас Әділбаев қазақ диаспорасы шоғырланған Баян-Өлгий аймағына іс-сапармен барды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-сапар барысында елші аймақ әкімі А.Ғылымхан, мәслихат төрағасы Д.Бауыржан, қазақ диаспорасының өкілдері және басқа да ресми тұлғалармен кездесулері өтті.

монг 1.jpg

Кездесу барысында елші Қазақстанның қазіргі саяси және экономикалық жағдайын түсіндіріп, сұхбаттастарын ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауында көрсетілген елдің одан әрі даму мақсаттары мен міндеттері, ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларымен таныстырды.

монг 2.jpg

Сонымен қатар, елші Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хүрэлсүхтың Қазақстанға жасаған ресми сапарының  қорытындысына тоқталып, сапар барысында сауда-экономикалық, көліктік-транзиттік, ауыл шаруашылық, тау-кен өндірісі және мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланғанын айтты.

монг 3.jpg

 Ж.Әділбаев қазақ диаспорасын 2020 жылы Абайдың 175 жылдық, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық және Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойларына арналатын іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде Ж.Әділбаев Баян-Өлгий аймағының  бірқатар орта мектептеріне барып, шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау мақсатында ҚР Үкіметі жіберген оқулықтар мен оқу құралдарын салтанатты түрде табыс етті. Елші Өлгий қаласы Қазақстанның мәдениеті және әдебиеті орталығының қызметімен танысып, Орталықтың қорына қазақстандық жазушылар мен ақындардың қазақ және ағылшын тілдеріндегі кітаптарын сыйға тартты, сондай-ақ жергілікті басқарушы органдарының өкілдерімен Моңғолияда Абай орталығын ашу мәселесін талқылады. 

монг 4.jpg

Сапар барысында дипломатиялық өкілдітің басшысы "Қазақстан" қалашығындағы объектілерінің құрылыс жұмыстарымен танысты.


Фото: дереккөз
Загрузка...