Митинг туралы заң жобасының өзгеруі қоғам үшін маңызды – қоғам белсендісі

9 Сәуір 2020, 18:26
1163
Бөлісу:
Митинг туралы заң жобасының өзгеруі қоғам үшін маңызды – қоғам белсендісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасындағы  митинг туралы заң жобасына енгізілген өзгертулерге қатысты "Team Qazaqstan" жастар қозғалысының жетекшісі Асхат Садырбай өз пікірін білдірді. 

Бұл қабылданатын  құжат азаматтарға кез келген мәселені ашық және еркін талқылауға мүмкіндік береді. Яғни, бұрынғы заңда митинг өткізу үшін бірінші кезекте рұқсат алу керек болатын. Қазіргі құжатта ең бастысы – бейбіт жиынға қанша адам қатысатынын, қандай мәселе болатынын және қайда өтетінін алдын ала ескерту қажет. Тағы бір ерекшелігі – ұйымдастырушылар мен қатысушылардың мемлекеттік органдардың жауапкершілігі қаралып, журналистердің құқықтары мен міндеттері белгіленіп отыр. Осының барлығы мемлекет, қоғам үшін өте маңызды екендігі айдан анық. Жаңа заң жобасы бұл түбегейлі бір заң шыққалы тұр. Бұл жерде үлкен еңбек бар, әртүрлі пікірталас пен талқылаулардың арқасында біз осындай үлкен заң жобасын ретке келтірдік. Қаншама азаматтардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, заңгерлердің, сарапшылардың барлықтарының пікірі ортаға салынды. Бірнеше күннен  бері талқылау үстіндеміз. Осы төтенше жағдай мен карантинге байланысты талқылауымыз онлайн режимде өтті. Күн сайын мәжіліс депутаттарымен бірге, үлттық кеңес мүшелері бар жаңа заңды талқыладық, - деді қоғам белсендісі. 

Сонымен қатар, журналистердің де жұмыстарын реттейтін нормалардың алынып тасталғандығын атап өтті. 
Ерекше атап өтетін нәрсе, өзім журналист болғандықтан, журналистердің жұмысын реттейтін нормалардың түбегейлі алынып тасталуы. Яғни, осы салының мамандарына арналған ерекше тұстары бар екендігін атап өткім келеді. Сонымен қатар, ескертулердің уақытының қысқартылғандығы да бар. Берілген ақпараттарды қарап отырсақ, теріс пікірлер,артық  бұрмаланған ақпараттар жоқ. Шын мәнінде, керісінше, үлкен жұмыстың жақсы нәтижесі болады деп ойлаймын, - деп атап өтті Асхат Садырбай. 

Сонымен бірге, бұл тек қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістер емес, бейбіт жиналыстардың барлық түрлерін ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін тұжырымдамалық мүлдем жаңа заң екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы