Министр Иманбекті құттықтады

15 Наурыз 2021, 11:00
1580
Бөлісу:
Министр Иманбекті құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Иманбек Зейкеновты Grammy сыйлығын жеңіп алуымен құттықтады.

 

Құрметті Иманбек Зейкенов, Сізді Grammy сыйлығын жеңіп алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз аз ғана уақыт ішінде əлемдік музыка нарығында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, миллиондаған тыңдарманның ілтипатына бөленіп келе жатқан дарынды өнерпазсыз. Осынау мəртебелі марапат Сіздің музыкаға деген құштарлығыңыздың жемісі, тапқырлығыңызды паш еткен сəт деп білемін. Алдағы уақытта да əн өнеріне деген  талпынысыңыз артып, биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспін. Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық қажымас қайрат, шығармашылық шабыт тілеймін, - деп жазды министр facebook-тегі парақшасында.
 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтың SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.



 

 

Өзгелердің жаңалығы