Министр Цой елде неліктен той жасауға рұқсат етілгенін түсіндірді

27 Қыркүйек 2021, 17:04
9879
Бөлісу:
Министр Цой елде неліктен той жасауға рұқсат етілгенін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой неліктен коронавирус пандемиясы кезінде елімізде той өткізуге рұқсат етілгенін түсіндірді. 

Ол жиын-тойға рұқсатқа вакцинацияның қарқынды жүргізілуі себеп болғанын алға тартты.

Сол себепті белгілі бір деңгейде иммундық қабат қалыптасты деп отыр.

Біріншіден, Қазақстан коронавирус жағдайында өмір сүруді жалғастырып жатқанын түсінуіміз қажет. Бізде қазіргі таңда 6 млн-нан астам азамат вакцина салдырды. Сәйкесінше, белгілі деңгейде иммундық қабат қалыптасты. Әрі Қазақстандағы эпиджағдай жақсарып келеді, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Оның үстіне, R коэффициенті де ұзақ уақыт бойы бірліктен төмен көрінеді.
Одан басқа пандемия кезеңінде бизнеске қолдау көрсету мен олардың қауіпсіз жұмыс істеуі маңызды. Өздеріңізге белгілі, барлық қызметкер вакцина алуы тиіс талаптарды бекіттік. Ashyq бағдарламасы бойынша «жасыл» мәртебесіне ие азаматтарға ғана еркін жүріп-тұруға болады. Сонымен қатар «жасыл» аймақта – 100 адам, «сары» аймақта – 70, «қызыл» аймақта 50 адамға дейін қонақ шақыруға болады. Осы орайда толымдық 50%-дан аспауы тиіс, - деді Алексей Цой.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін QazVaс вакцинасының қандай штамдарға қарсы тұра алатындығы туралы жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы