Бас жаңалықтар
Миллон-миллион раушан гүл...
08 Наурыз 2019, 14:56 335

Миллон-миллион раушан гүл...

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан төрт жыл бұрын қысы қытымыр келетін Ертіс өңірінде гүлдер индустриясы қарқынды дамиды дегенге сену қиын еді. 

Жылдар өте келе мамандар иісі аңқыған раушан гүлдерді өсіру технологиясы меңгеріп, салаға қомақты инвестиция құйылды. Инвестор бұл бизнестің болашағына сенді, үміт артты.

Еңбек нәтижесін берді – Екібастұз аймағында өсірілетін рушан гүлдер голландиялық өсімдіктерге бәсеке болып, ішкі нарықтан біртіндеп шығарып жатыр.


Екібастұз өңіріндегі алып жылыжайда күнбе күн 30 мыңға жуық гүл қауыз жарып, сыртқы және сыртқы нарыққа шығарылады. Тұтынушылар тарапынан бүгінде брендке айналған RedNaomi раушан гүлі жоғары сұранысқа ие, сапасы шетелде өсірілген гүлдерден кем емес.

Мамандардың айтуынша, RedNaomi раушан гүлі екі аптаға дейін сақталады. Сондықтан болар, голландиялық раушандармен бәсекелес.


Кеншілер шаһарындағы жылыжай кешені – елімізде заманауи технологиялармен гүл өсіретін ең ірі нысан. Қазіргі уақытта кәсіпорында 200-ден астам азамат еңбек етеді. Олардың қатарында Голландияға барып, тәжірибе жинақтаған білікті мамандар жетерлік.

Кәсіпорын директорының орынбасары Ержан Есмағамбетовтың айтуынша, бүгінде Екібастұз өңірінің екі бренді бар. Бірі – әлемдегі ең ірі көмір кеніші болса, екіншісі – гүлдер патшайымы атанған раушандар. Қазіргі уақытта жылыжай кешенінде қызыл және ақ түсті розалар өсіріледі.

«Ақшыл түсті раушандарды жуырда өсіре бастадық. Оны да баптап, күтуге мән береміз. Өсіру технологияның еределерін бұзбау маңызды. Әзірге к.ніне 3 мың дана қиялады. Болашақта саны артады», - дейді жылыжай технологі Динара Сламбекова.


«Бір жылда 10 млн. раущанға дейін өсіріліп, Қазақстан және Ресей нарығына жөнелтіледі. Күніне 30 мыңға жуық гүлді қиып, нарыққа әзірейміз. Негізгі басымдық голландиялық RedNaomi раушанына беріледі. Себебі, сұраныс бар. Жылдар өткен сайын біздің тұтынушыларымыз импорттық тауарлардан отандық гүлдерге ден қоя бастағаны қуантады», - дейді Ержан Есмағамбетов.

Ал былтырғы жылы 8 млн. гүл жиналған. Сала мамандарының айтуынша, RedNaomi голландиялық сұрыбы - әлемді жаулаған раушан гүл. Оны сабағының ұзындығы 90 сантимертге, ал гүлдің өзі бес сантиметрге дейін жетеді екен. Гүл қиылған соң 24 сағат тоңазытқышта сақталады, кейін сұрыпталады.

Жылыжай технологтарының айтуынша, өсімдіктер қарапайым топырақта емес, минералдармен тыңайтылған мақтада өсіріледі. Бұл – әлемдегі озық тәсілдердің бірі.


«Жылыжайдағы үрдіс толық автоматтандырылған. Адам еңбегі гүлдерге қиған кезде ғана керек. Кешеннің жұмысы жергілікті климаттың ереңшеліктеріне орай салынды. Температура, ылғалдық сияқты параметрлер заманауи технологиялар арқылы бақыланады», - дейді мамандар.

Еске салсақ, Екібастұз жылыжай кешені төрт жыл бұрын бой көтерді. Бес гектар жерді алып жатқан кәсіпорын өңірдегі екінші мемлекеттік аймақтық электр станциясының жанынан ашылды. Жылыжай осы энергетика алыбынан арзан энергия тұтынады. Оның жобалық құжаттамасын голландиялық мамандар арнайы келіп әзірлеген. Солтүстік өңір үшін таңсыз бизнеске 3,2 млрд. теңге инвестицияланған. Алдағы уақытта гүлдердің түрлерін сегізге жеткізу жоспарланған.


Фото: автордан

Сізден жаңалық