Мигранттар мінген кеме апаты: Қаза болғандардың денесі табылды

14 Шілде 2019, 16:29
1899
Бөлісу:
Мигранттар мінген кеме апаты: Қаза болғандардың денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 80 ливиялық мигрант мінген кеме Тунис жағалауында апатқа ұшыраған болатын.

Қаза тапқандардың барлығының денесі табылды. Іздестіру жұмыстары бір аптаға созылды.

Reuters мәліметінше, 4 шілде күні суға батып кеткен кемедегі 82 ливиялық мигранттың барлығының денесі табылды. Қайғылы оқиға Тунис жағалауында орын алды.

"Бір апта іздестіру жұмыстарынан кейін кемеде болған барлық 82 адамның денесі жағаға шығарылды", - деді Халықаралық Қызыл Жарты ай комитеті Тунис бөлімінің өкілі Монжи Слим.

Бұл апаттан тек төрт адам аман қалған. Оларды балықшылар тапқан. Ауруханаға түскен пациенттер кемеде барлығы 86 адам болғанын айтқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мароккода Жерорта теңізінен 161 заңсыз мигрант құтқарылған болатын.
Өзгелердің жаңалығы