Мароккода Жерорта теңізінен 161 заңсыз мигрант құтқарылды

14 Шілде 2019, 11:05
2183
Бөлісу:
Мароккода Жерорта теңізінен 161 заңсыз мигрант құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Марокконың әскери-теңіз күштерінің жағалау күзеті сенбі күні түнде Жерорта теңізінен 161 заңсыз мигрантты құтқарып қалды. 

Бұл туралы Синхуа агенттігі Марокконың жергілікті БАҚ-тарына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, жағалау күзетінің әскерилері теңізде бірнеше қайықты байқап қалып, 161 мигрантты құтқарған.

Құтқарылғандардың дені – Сахара шөлінің оңтүстігіндегі Африка елдерінің азаматтары. Олардың денсаулығына қауіп тұрған жоқ. Азаматтардың барлығы Марокконың солтүстігіндегі айлаққа жеткізілді.

 

Өзгелердің жаңалығы