Бас жаңалықтар
Меркель мен Макрон Путинді іздеді
VIDEO
20 Қаңтар 2020, 12:08 254

Меркель мен Макрон Путинді іздеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ангела Меркель және Эммануэль Макрон кездесуге қатысушыларды фотоға түсіру кезінде РФ президентінің жоқтығына алаңдады.

Берлинде Ливия бойынша конференция бастамас бұрын қатысушылар суретке түсетін кезде Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей көшбасшысы Владимир Путиннің жоқ екенін көріп, алаңдады. Олардың Путинді "іздеп жатқан" сәті түсіп қалған видео түрлі БАҚ-тың әлеуметтік желідегі парақшаларында тарады.


Мемлекет басшылары бір-біріне қарап, "амандасқандай" болды. Кейін Германия канцлері БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутеррештен Путиннің қайда екенін сұрады. Себебі, РФ президенті фотоға түсетін кезде Гутерреш пен Меркельдің ортасында тұру керек.

Бірнеше секундтан кейін Путин келді. Макрон оны қарсы алды, ал Меркель оның тұратын орнын көрсетті.


Фото: дереккөз
Загрузка...