Бас жаңалықтар
Мемлекеттік сатып алуға қатысатындар салықты дұрыс төлемейді
14 Шілде 2020, 13:48 165

Мемлекеттік сатып алуға қатысатындар салықты дұрыс төлемейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың үштен бірінен салық бұзушылықтары анықталады. Бұл туралы Мемлекеттік кіріс істері комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты.

Мемлекеттік сатып алу шеңберінде 2018 жылы 52,1 мың кәсіпкер бюджеттен 3 942,5 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат алды.
Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарының үштен бірінен алшақтықтар анықталып, оларға 18,5 мың хабарлама жіберілді. Бюджетке барлығы 176,6 млрд теңге көлемінде салықтар қайтарылды, - деді Жайдар Іңкәрбаев.

Оның айтуынша, салық органдары салықтық жүктеме коэффициенті төмен салық төлеушілерге ерекше көңіл бөледі.
Бұл үш пайыздан аз. Жосықсыз кәсіпкерлер салықты төлемес үшін қулықтарға барады. Танымал тәсілдердің бірі - тауарсыз шот-фактураларды алу бойынша бір күндік фирмалардың қызметтерін пайдалану, конверттерде жалақы төлеу және заңсыз еңбек күшін пайдалану, табыстарды жасыру және шығындарды негізсіз ұлғайту. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың бірі – "Достар С" ЖШС 2018 жылы Ақмола облысында 1 049 млн теңге сомасына туристік маршрутты абаттандыруды жүзеге асырды. Оған қатысты салықтық тексеру тағайындалды, нәтижесінде 341 млн теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, - деді комитет төрағасының орынбасары.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...