Мемлекеттік орталық музей келушілерді қабылдай бастады

3 Қыркүйек 2020, 09:19
4501
Бөлісу:
Мемлекеттік орталық музей келушілерді қабылдай бастады

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2 қыркүйектен бастап келушілер үшін музей залдары жұмыс істейтінін хабарлады.

Күту аймағына топтар 15 адамнан кіреді, музейдің экспозициялық залдарына 30 адамнан артық кіруге болмайды, музей  ғимаратына кіру көше жақтағы есік арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, келуші санитарлық тәртіпті сақтай отырып (антисептик, 1,5 м арақашықтық, бетперденің болуы) күзет тексерісінен өтеді. Келушінің медициналық немесе маскасы болмаған жағдайда, сол жерде таратып беру қарастырылған, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, келушілер залды кіре берісте көрсетілген маршрут бойынша, бір-бірінен 1,5 м арақашықтықты сақтап қарайды. Ал, залдан шығу схемаға сәйкес музей қараушылары мен бақылаушының алып жүруімен жүзеге асырылады.

Егер келуші жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда музей қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында музей  ғимаратынан шығару шараларын орындайтыны айтылған.

Өзгелердің жаңалығы