Мемлекеттік қызметкерге еркін киінуге мүмкіндік берілмек

7 Ақпан 2019, 14:50
3698
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметкерге еркін киінуге мүмкіндік берілмек

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметкерлерге жұма күні еркін киінуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған жоба пилоттық негізінде жүзеге асырылмақ.

«Корпоративтік сектордың жақсы жақтарын алудан ұялмау қажет. Биыл агенттік пилоттық жоба негізінде casual яғни жұма күні дресс-кодсыз киіну тәжірибесін енгізді. Корпоративтік секторда бұл жұмыс істейді. Жеке өңірлерде аталған мәселе көтерілген. Енді біз оны қарастырамыз. Себебі, мемлекеттік қызметте сенімді қарым-қатынас орнату маңызды. Бұл мамандардың әлеуетін аттыруға мүмкіндік береді», - деді төраға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылды қорытындылауға арналған отырысында.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жалған медициналық анықтамалармен күресудің жолын ұсынғанын, Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгеретінін хабарлағанбыз.

Дәурен Ерболат

Өзгелердің жаңалығы