Бас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
25 Маусым 2019, 21:11 264

Мемлекет басшысы Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Арыс қаласындағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірді.  

Көрші мемлекеттің басшысы кісі өлімі мен ауқымды зардаптар әкелген төтенше жағдайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті.

Загрузка...