Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді
8 Қаңтар, 13:01 6565

Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі  хабарлады.

 Жиын барысында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар баяндама жасады.

Отырыста Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі террорлық шабуылдардың салдарынан бүлінген әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымдарды қалпына келтіру мәселелеріне баса мән берілді.

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік күштері бөлімшелерінің Нұр-Сұлтан қаласында қорғау функциясын атқаруы қазақстандық құқық қорғау органдары күштерінің бір бөлігін босатып, лаңкестікке қарсы іс-қимылдарға қатысу үшін Алматыға жіберуге мүмкіндік берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тұрғындардың мүддесі үшін жағдайды тұрақтандыруға тартылған  ведомстволардың жүйелі әрі жедел жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.


Фото: дереккөз
Загрузка...