Мемлекет басшысы Ресей президентін туған күнімен құттықтады

7 Қазан 2021, 14:38
3126
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ресей президентін туған күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.


Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Ресей халқының игілігі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысының тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқан екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Владимир Путиннің күш-жігерінің арқасында Ресей әлемдік деңгейдегі беделді державаға айналды. Бүгінде Ресейсіз халықаралық маңызды мәселелерге қатысты ешқандай шешім қабылданбайды.

Тараптар 30 қыркүйекте өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысына оң баға берді. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық проблемалар бойынша белсенді саяси диалогтарды жалғастыруға келісті.


Өзгелердің жаңалығы