Мемлекет басшысы: Болжам бойынша биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін
11 Қаңтар, 12:30 397

Мемлекет басшысы: Болжам бойынша биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент ауыл шаруашылығына назар аудару қажеттігіне тоқталды.

Соңғы жылы елімізде қуаңшылық болды. Былтырға қарағанда жиналған астық көлемі 4 млн тоннаға кеміді. Бұл шикізатпен және жем-шөппен қамтамасыз ету ісіне әсер етті. Болжам бойынша биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін. Үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Субсидияны тұрақты беруге қатысты мәселе жиі көтеріледі. Субсидиялауды жеңілдетуге, оның қолжетімді болуын және ашықтығын қамтамасыз етуге тиіспіз. Жуырда болған заң бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу маңызды. Алдағы 3 жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажет. Бұл – Үкімет пен әкімдерің алдында тұрған негізгі басымдық, – деді Тоқаев.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...