Мемлекет басшысы білім министрін қабылдады

17 Шілде 2019, 15:56
1808
Бөлісу:
Мемлекет басшысы білім министрін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді. 

Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады.

Қазақстан президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге  ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде ҚР Үкіметінің қаулыларымен тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды.   

Өзгелердің жаңалығы