Мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге де болады – министр

11 Тамыз 2021, 10:56
6772
Бөлісу:
Мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге де болады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.

Жаңа оқу жылында мектеп формасы бойынша талаптар негізінен сақталады. Бірақ пандемия жағдайына байланысты мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат беру бойынша шешім қабылданды, - деді ол.

Министр педагогтердің вакцина алуы туралы да айтып берді.

9 тамыздағы жағдай бойынша білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1 пайызы және басқа қызметкерлердің 88,4 пайызы КВИ-ге қарсы вакцина алды. Студенттердің вакцина алуын ынталандыру бойынша университеттер бірқатар шара өткізіп жатыр. Оқу ақысын төмендету, ақысыз курстар ұйымдастыру мен демалысқа жолдамалар, сыйлықтар берілді, - деді ол.

Осыған дейін Асхат Аймағамбетов қыркүйектен бастап оқушылар дәстүрлі форматта оқитынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы