Меган Маркл Ұлыбританиядан кетіп қалды

11 Қаңтар 2020, 04:25
1509
Бөлісу:
Меган Маркл Ұлыбританиядан кетіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания ханзадасы Гарридің жары Меган Маркл өздерінің патшалықтағы міндеттерін орындаудан бас тартқандарын мәлімдегеннен кейін Ұлыбританиядан кетіп қалды. Меган Маркл Канадаға оралды, деп хабарлады Reuters.

Бұған дейін олар Рождество мерекесін отбасымен бірге Канадада өткізген болатын.
Меган ұлымен бірге болу үшін Канадаға оралды, - деп хабарлады агенттік.

Белгілі болғандай, Меган Маркл мен ханзада Гарри өздерінің сегіз айлық тұңғыштары Арчиді Канадаға уақытша қалдырып кеткен.



Өзгелердің жаңалығы