Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал директоры Нұрлыбек Қабдықапаров бүгін филиалдың 2020 жылы атқарған қызметі мен 2021 жылғы жоспарлары туралы онлайн форматта өткен брифинг барысында айтты.
Елордада 2020 жылдың қорытындысы бойынша Covid-19 және вирустық пневмониямен күрескен 38,2 мыңнан астам медицина қызметкеріне қаржылық қолдау көрсетілді. 2020 жылдың наурыз-желтоқсан айларының аралығында осы мақсатқа 14,1 млрд (14 095 623 026,41) теңге бағытталды, - деді ол.
Айта кету керек, көтермелеу сомасы еңбек жағдайларының қауіптілік дәрежесіне байланысты 20, 10 және 5 ЕТЖ құрайды. 2020 жылдың наурыз-желтоқсан айларында белгіленген ынталандыру төлемі төленді:
Наурызда - 1 893 медицина қызметкеріне;
Сәуірде - 3 222 медицина қызметкеріне;
Мамыр айында - 2 393 медицина қызметкеріне;
Маусым айында - 5 900 медицина қызметкеріне;
Шілдеде - 6 945 медицина қызметкеріне;
Тамыз айында - 5 513 медицина қызметкеріне;
Қыркүйекте - 2 597 медицина қызметкеріне;
Қазан айында - 3 091 медицина қызметкеріне;
Қараша айында - 3 129 медицина қызметкеріне;
Желтоқсан айында - 3 544 медицина қызметкеріне.
Сондай-ақ қазіргі уақытта қор филиалы 2021 жылдың қаңтар айына да үстемақы төлеуді аяқтады, 3 614 медицина қызметкеріне 1 291 344 530,07 теңге сомасына үстемеақы төленді: бірінші қауіп тобында еңбек еткен 1 107 адамға 681 086 596,44 теңге сомасына, екінші қауіп тобындағы 1 068 адамға 370 289 796,98 теңге сомасына, үшінші қауіп тобындағы 1 439 медицина қызметкеріне 239 968 136,65 теңге сомасына үстемеақы төленді, - деді Қабдықапаров.