«Медалімді ұрлады». Канадалық шаңғышы Полторанинді айыптады

4 Наурыз 2019, 09:37
2559
Бөлісу:
«Медалімді ұрлады». Канадалық шаңғышы Полторанинді айыптады

Алматы, BAQ.KZ. 2017 жылғы марафонда Әлем чемпионы атанған канадалық шаңғышы Алекс Харви Зеефельдтегі допингке ілікеккендер жайлы пікір білдірді. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

2019 жылғы Әлем чемпионатында австриялық Макс Хауке пен Доминик Балдауф, эстониялық Карел Таммъярв пен Андреас Веерпалу және отандасымыз Алексей Полторанин тиым салынған препарат қабылдады деп айыпталуда.

«Ол менің медалімді ұрлады, кім біледі әлі де көп ұрлай берер ме еді»,- деді Харви отандасымыз жайлы.

«Біздің спортта алаяқтарды жеңуге болатынына әрдайым сенетінмін. Бұл велоспорт емес, онда бәрін аяғың шешеді. Мұнда тек физикалық күш қана емес, шаңғы, технология бар. Дегенімен өкінішті жайт. Өте жиіркенішті. Спорт үшін ұят жағдай. Оларды FIS немесе WADA ұстамай полицияның ұстағаны мені алаңдатады. Яғни олар өз жұмысын дұрыс жасап жасатқан жоқ»,- дейді канадалық спортшы.

Харви ұрланған медаль деп 2013 жылы Валь-ди-Фьеммеде (Италия) өткен Әлем чемпионатындағы командалық спринтті айтып отырса керек. Ол кезде Полторанин мен Николай Чебатко қола медальді жеңіп алған, ал канадалық Харви мен Кершоу мәреге төртінші болып келген.

Өзгелердің жаңалығы