Мәжілісте тұрғын үй шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер қаралады

14 Маусым 2019, 16:18
1596
Бөлісу:
Мәжілісте тұрғын үй шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Депутаттар қарауына Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылымда қарау ұсынылады. 

Заң жобасы атап айтқанда, кондомииниум объектілерін басқару және күтіп-ұстау бойынша қызметті, оны ресімдеу тәртібін, ортақ мүлікті күрделі жөндеу үшін ақша қаражатын жинауға, осы процестерге меншік иелерінің өздерінің қатысуын, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясын тарту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін құру мүмкіндігін, сондай-ақ, тұрғын-үй шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен коллизияларды жоюға бағытталған. 

Сонымен қатар, депутаттар Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарайды деп күтілуде. 

Бюро отырысының күн тәртібінде лотереялар және лотерея қызметі мәселелері және көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделуде.   

 

Өзгелердің жаңалығы