Бас жаңалықтар
Назарбаев: Мәслихаттардың келесі сайлауы партиялық тізім бойынша өткізіледі
21 Тамыз 2019, 12:12 294

Назарбаев: Мәслихаттардың келесі сайлауы партиялық тізім бойынша өткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәслихаттардың келесі сайлауы алғаш рет Мәжіліс секілді партиялық тізім бойынша өткізілетінін айтты. 

«2015 жылдан бастап бес институционалдық бағдарламаны жүзеге асыра бастадық. Бұл – тиімді мемлекеттік апарат, еске салып кетейін заң үстемдігі, болашағы бір ұлт, транспарентті әрі есеп беретін мемлекет. Бес бағдарлама деген осыған байланысты. 2017 жылы Парламент пен Үкіметті күшейту үшін белгілі тараптар арасында өкілеттіліктерді қайтара саяси жүйені жаңғырттық, өздеріңіз білесіздер. 2018 жылы біз сайлау заңнамасын жетілдірдік. Мәслихаттардың келесі сайлауы Мәжіліс секілді алғаш рет партиялық тізім бойынша өткізілейін деп отыр», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныстарға жауап берді.

«Біз азаматтардан, оппонеттерден, блогерлерден мажоритарлық сайлау жүйесіне өту, кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу секілді ұсыныстар естиміз. Бүгін осыған жауап берейік, бұл жерде негізделген аргументтер жоқ. Әдеттегідей, тек әңгіме. Сөйлеген кезде құр сөз, ештеңе ұсынбайды. Еуропада елдердің 63 проценті пропорционалды жүйеде сайлау өткізеді. Пропорционалды үлгі үздік әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сәйкес келеді. Саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға, саяси партиялардың қызметін белсендіруге әсер етеді», - деді партия төрағасы.

Айта кетейік, елордада Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев Парламент сайлауы қашан өтетінін айтты
 

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...

Сізден жаңалық