Бас жаңалықтар
Мәскеудегі Премьер-лига: Төрт қазақстандық спортшы финалға шықты
03 Қазан 2021, 11:20 799

Мәскеудегі Премьер-лига: Төрт қазақстандық спортшы финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде каратэден Премьер-лига турнирі жалғасуда. Бүгін финалдық бәсекелер өтеді. Қазақстан сапынан төрт спортшы алтын жүлдеге таласады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Атап айтар болса, қыздар арасында Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі) және Софья Берульцева (68 келі) ақтық сында айқасады.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай финалдық жекпе-жекте күш сынайды. 


Фото: дереккөз
Загрузка...