Бас жаңалықтар
Маска кимеген Бразилия президентіне тағы да айыппұл салынды
14 Маусым 2021, 15:10 2145

Маска кимеген Бразилия президентіне тағы да айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилия президенті Жаир Болсонаруға Сан-Паулу штатындағы мотожарыс кезінде маскасыз жүргені үшін айыппұл салынды.

Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Бразилия президенті Жаир Болсонару Сан-Паулу штатында карантиндік шектеулерді бұза отырып, мыңдаған адам жиналған жиынға қатысқан.

Жергілікті билік ұсынған деректер бойынша аталған іс-шараға 12 мыңнан астам мотоциклші қатысқан, олардың көпшілігі қорғаныс шлемін кигендіктен, бетпердесіз болған.

Өткен жылғы мамыр айынан бастап штатта қоғамдық орындарға бетпердесіз кіруге тыйым салынып отыр. Олай болмаған жағдайда шамамен 110 доллар айыппұл төлеуге тура келеді

Болсонару жақтастарымен бірге мотоциклшілердің көшіне қосылып, артынша адамдармен сөйлескен.

Айта кететін жайт, Болсонаруға бұған дейін мамыр айында Мараньян штатындағы митинг кезінде қоғамдық орында бетпердесіз жүргені үшін айыппұл салынған еді.

Президент екпе салдырған адамдарға бетперде киюдің қажеті жоқ деп санайды. Себебі «олар басқаларға вирус жұқтыра алмайды» деп есептейтін көрінеді.

Осы орайда АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы толықтай вакцина салдырған адамдардың өздері коронавирус жұқтыру қаупін жоққа шығармайды. 

Бразилия Денсаулық сақтау министрлігі таратқан деректерге сүйенсек, ел халқының 12%-ға жуығы COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасын да салдырған. 

Сарапшылардың басым көпшілігі халықтың көп бөлігі екпе салдырған соң ғана бетпердеден бас тартуға болады деп отыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...