Бас жаңалықтар
Маржықпаев Давид Дегтярёвке үш бөлмелі пәтер мен көлік кілтін сыйлады
02 Қыркүйек 2021, 20:47 1783

Маржықпаев Давид Дегтярёвке үш бөлмелі пәтер мен көлік кілтін сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Токиодағы Паралимпиаданың чемпионы парапауэрлифтер Давид Дегтярёвті жеңісімен құттықтады.

Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде өңірде спорттық дәстүрлер мықты екенін және спорттық қозғалысты дамыту үшін көп нәрсе жасалып жатқанын атап өтті.

Спорт саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Өңірдің қалалары мен ауылдарында 2,5 мың спорт нысанында 240 мыңнан астам дене шынықтыру әуесқойлары жаттығады. Давид Дегтярёв ақмолалық атлеттердің даңқты жеңістері жылнамасында лайықты орын алды. Біз оның жетістігін мақтан тұтамыз және зор денсаулық пен табыс тілейміз, – деп атап өтті облыс әкімі.

Маржықпаев чемпионға көлік кілтін және 3 бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Жаттықтырушы Юрий Колесников 5 млн теңге көлемінде сыйақы алды.

Журналистерге берген сұхбатында Давид Дегтярёв жеңісін елімізге арнайтынын айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Давид Дегтярёв алтын алып, жүлдегер атанды. Ал татамиде өнер көрсеткен парадзюдошыларымыз Әнуар Сариев пен Дәулет Теміржан Олимпиаданың күміс медалін алды.

Жалпы есеп бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс және бір қола медаль бар.


Фото: дереккөз
Загрузка...