Бас жаңалықтар
Марат Ахметжанов: Үш айда 38 террорист сотталды
08 Сәуiр 2019, 19:25 689

Марат Ахметжанов: Үш айда 38 террорист сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов 2019 жылдың үш айындағы қылмыстық жағдай туралы баяндады.

«Жыл сайын қылмыстар саны азайып келеді. 2018 жылы - 8 %, биыл үш айда 6 %, оның ішінде ауыр қылмыстар 10 % қысқарды. 10 мың тұрғынға шаққанда 159 құрады. Қылмыстың төмен деңгейі Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында көрсетті. Үш ірі мегополисте қылмыс деңгейі елдегі орта көрсеткіштен жоғары. Нұр-Сұлтанда былтырмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 15 % төмендеді. Былтыр 256 болса, биыл - 218. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл адам өлтіру қылмысы 21% төмендеді», - деді Бас прокурордың орынабсары.

Ол соңғы он жылда Қазақстанда адам өлтіру саны 2 есе немесе 45% қысқарған. 2009 жылы 1604 адам өлімі тіркелсе, биыл - 943.

«Алғашқы тоқсанда 3660 адам сотталды: 167 адам өлтіруші, қасақана адам денсаулығына ауыр залал келтіруші 546 адам, соның ішінде 131-і өліммен аяқталатын, 45 әйел зорлаушы және 47 «педофиль», 38 террорист пен экстремист, халық арасында «ақ өлімді» тарататын 120 есірткі өткізуші, 365 алаяқ, 600 тонаушы мен бұзақы, 37 бопсалаушы, азаматтардың меншіктеріне қол сұққан 977 ұры, 15 ұрланған заттарды алып-сатар, сонымен бірге қауіпті және аса қауіпті қылмыскерлер лайық жазасын алды», - деп айтты Ахметжанов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...