Бас жаңалықтар
Маңғыстауда 7 айлық нормадан көп жауын жауған
VIDEO
06 Тамыз 2020, 15:19 968

Маңғыстауда 7 айлық нормадан көп жауын жауған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысында қалыптасқан жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК 2020 жылғы 5-6 тамызда Маңғыстау облысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауғанын хабарлайды.

Тәулік ішінде түскен жауын-шашын мөлшері: 2020 жылғы 5 тамызда Форт-Шевченко метеостанциясында – 23 мм құрады, бір айдағы норма 7 мм. 6 тамызға қараған түні Ақтау қаласының өзінде найзағай ойнап, қатты нөсерлі жаңбыр жауып, 66 мм жауын-шашын мөлшері түсті, бір айдағы норма 6 мм, - делінген хабарламада.

"Қазгидромет" РМК 6 тамызға Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы бойынша күтілетін мол жауын-шашын, найзағай және дауылды жел жөнінде алдын ала дауылды ескерту таратты.

    



Фото: дереккөз
Загрузка...