Маңғыстау облысында елді мекендер арасына блокпост қойылды

8 Қаңтар 2022, 09:03
878
Бөлісу:
Маңғыстау облысында елді мекендер арасына блокпост қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақта түнгі 23.00 мен таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Бұл туралы “Хабар 24” арнасы хабарлады.

Сондай-ақ облыстан шығатын жер мен елді мекендер арасында бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылады.

Өңір коменданты Жанарбек Бақтыбаев көшелерде қаруланған патрульдік жасақ жүретінін ескертті.

Төтенше жағдай режиміне сәйкес ел Президентінің тікелей бұйрығымен заңда қарастырылған жағдайларда қару қолдануға рұқсат етіледі.

Өзгелердің жаңалығы