Волонтерлер жаппай бүліктердің салдарын жою шараларын жүзеге асыруда көмек көрсетеді

8 Қаңтар 2022, 08:59
994
Бөлісу:
Волонтерлер жаппай бүліктердің салдарын жою шараларын жүзеге асыруда көмек көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы базасында консультациялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек көрсетіледі.

Осы ретте қазіргі таңда волонтерлерге қатысты мәліметтерді жинау және күшті жұмылдыру жұмысы қолға алынып отыр.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы  қираған ғимараттарды қалпына келтіруге дайын волонтерлерге қатысты мәліметтер жинауда. 

Біз елдегі ахуалдың тұрақтанғанын және лаңкестікке қарсы операциялардың аяқталуын күтудеміз. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы әскерлер қауымдастығын, волонтерлер мен қиын жағдайға тап болған азаматтардың қайғысына бей-жай қарамайтын адамдардың барлығын бірігуге шақырады. Ақпаратты біздің орталықтың базасында алуға болады. Біз гуманитарлық, медициналық және психологиялық көмек көрсету шараларын үйлестіруге дайынбыз. Лаңкестікке қарсы операциялар аяқталған соң біз халыққа көмек көрсетуге алдын-ала дайын болуымыз керек,- деп мәлімдеді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Төрайымы Лима Диас.  

Мәліметтерді (байланыс нөмірі, көрсетілетін көмек түрі) АБҚО базасында жұмыс істейтін мына нөмірге жіберуге болады: 8 771 348 83 84. 
Сондай-ақ өзекті ақпаратты @eriktiler\_kaz телеграм чатынан ала аласыз.

Өзгелердің жаңалығы