Бас жаңалықтар
МӘМС: Бір жылда 15 054 пациент кеңес алды
25 Қаңтар 2021, 23:05 197

МӘМС: Бір жылда 15 054 пациент кеңес алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 қаңтардан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жүзеге асырыла бастады. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген.

Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай, МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде ем алады, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді. МӘМС жүйесі енгізілгелі медициналық қызметтің барлық түрін, (оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызмет пен консультациялық-диагностикалық қызмет те бар) алу мүмкіндігі артып, қолжетімді бола бастады. Бұл ретте Республикалық диагностикалық орталықты мысалға алуға болады - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының мамандары.

2020 жылы Республикалық  диагностикалық орталықта ТМККК бойынша 5358 пациент жоғары білікті консультация, ем алып, диагностикадан өтті.

Егер, мысалы, емханада пациентке бір зертханаға сараптамаға жолдама берілсе, бірақ ол оны үйіне немесе жұмысына жақын орналасқандықтан басқасына тапсырғысы келсе, оның бұған құқығы бар. Қызметті алғаннан кейін Қордың төлем жүйесінде бірлесіп орындау шарты автоматты түрде жасалады. Басты шарт – медициналық ұйым ӘМСҚ дерекқорында болуы және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсетуі тиіс. Жеткізушілердің бұл тізбесін Қордың сайтынан көруге болады – дейді сарапшылар.

Консультативтік-диагностикалық көмекке бейінді мамандардың (кардиологтар, эндокринологтар, ЛОР, окулисттер, т.б.) қабылдаулары, зертханалық талдаулар (қанның биохимиялық талдауы, иммуноферментті талдау, антиденелерді анықтау, т.б.), диагностикалық қызметтер (эндоскопиялық зерттеулер, электроэнцефалография, эхокардиография, рентген, УДЗ, МРТ, КТ, т.б.) жатады.

Тұрғындар қажеттілігінің өсуін және елдегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, ӘМСҚ 2021 жылға медициналық қызметтерді сатып алу көлемін көбейтті. Сақтандырылған тұрғындар үшін мамандандырылған медициналық көмектің, оның ішінде құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтердің көлемі артты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...