Мамин жыл соңындағы тапсырмаларын берді

15 Желтоқсан 2020, 10:31
2431
Бөлісу:
Мамин жыл соңындағы тапсырмаларын берді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру мен жергілікті қамтуды арттыру жөнінде тиісті ведомство басшыларына тапсырма берді.

Біріншіден, «Қарапайым заттар экономикасы» жобаларын одан әрі тиімді іске асыру үшін жаңа шаралар қажет, соның ішінде мемлекет тарапынан кепілдікті ұлғайту қажет. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, бір ай мерзімде жеңілдетілген кредит беру бағдарламасына түзетулердің жетінші пакетін әзірлеуді тапсырамын. Екіншіден, бағдарламаның барлық мақұлданған жобаларының уақытылы іске қосылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл орайда Алматы қаласы, Жамбыл облысы және Қостанай облысы оң мысал бола алады,- дейді Мамин. 

Ал Қызылорда және Атырау облыстарында көптеген мақұлданған жобаға әлі күнге дейін субсидия берілмеген. Аталған облыстарда жобалардың сомасы мен саны бойынша ең төмен өсім байқалады. Осыған байланысты әкімдіктерге мақұлданған жобалар іске асырылғанша оларды жедел қолдауды қамтамасыз ету шаралары қабылдансын деп айтты.

 

Үшіншіден, әкімдіктерге экономика салаларындағы жергілікті қамту үлесінің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізіп қана қоймай, олардың белсенді өсуін қамтамасыз ету тапсырылды. Ол үшін Премьердің айтуынша, жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялар алаңын тиімді жұмылдырып, өңірлік бизнес пен маңызды тапсырыс берушілерді тарту керек.Төртіншіден, жыл сайын шамамен 7 трлн теңгені құрайтын жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында да маңызды әлеует бар. Халықаралық тәжірибеден байқағанымыз, отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті қамту бойынша ерікті міндеттемелерді қабылдауы бөлігінде келісімдер жасалады,- деді Үкімет басшысы.
 


Ол осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктері жер қойнауын пайдаланушылармен осындай келісімдер жасасу бөлігінде заңнамалық түзетулер әзірлесін деп тапсырды.
 

 

Бесінші, әзірленген өңірлердің экономикалық картасы өңірлерді дамытудың барлық негізгі көрсеткіштерін біріктіруге, оларды сапалы мониторингтеуді қамтамасыз етіп, жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Ұлттық палата ұсынған Өңірлердің экономикалық картасын қалыптастыру тәртібін мақұлдауға болады деп есептеймін. Роман Васильевич (ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр – тілші.), бақылау өзіңізде, - деді премьер-министр.
 



 

Өзгелердің жаңалығы