Мамин министрлер мен әкімдерге 5 бірдей тапсырма берді

15 Маусым 2021, 11:03
4402
Бөлісу:
Мамин министрлер мен әкімдерге 5 бірдей тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Асқар Мамин елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға байланысты министрлер мен әкімдерге жаңа тапсырма берді.

Жергілікті атқарушы органдар қоғамдастықтармен бірлесіп, қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге, көгалдандыруға, бұрынғы ластануларды жоюға бағытталған  Жол карталарын әзірлеп бекітті. Сонымен қатар биыл өңірлік жол карталары бойынша 70 іс-шараның 42-сі ғана орындалды. Олардың іске асырылуын жандандыру қажет. Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында жоспардағы 13 іс-шараның төртеуі ғана орындаған. Алматыда тек бесеуі, - дейді Асқар Мамин.

Сонымен қатар ол мынандай мәселелерге назар аударды.  

Біріншіден, қазіргі кезде атмосфераға шығарындыларды азайту мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін озық қолжетімді технологиялар анықтамалығы әзірленіп жатыр.  

Экология министрлігі Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, оны уақтылы әзірлеуді қамтамасыз етуі тиіс. Олар ел өндірістерінің барлығында ескерілуі тиіс. Екіншіден, өңірлерде рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің, соның ішінде, құрылыс қоқыстарының пайда болу себептерінің бірі - елде құрылыс полигондарының болмауы және жалпы бар полигондардың талаптарға сәйкес келмеуі болып отыр,- деді Үкімет басшысы.

Сондықтан Асқар Мамин Индустрия министрлігіне Экология және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонның үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырды.

Үшіншіден, кәріз-тазарту құрылыстары мәселесі де өте өзекті. Себебі олар санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан Индустрия министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырамын. Төртіншіден, әкімдіктер биылғы жылғы ағаш отырғызу жоспарларын орындасын. Жалпы, көгалдандыру, отырғызылатын ағаштардың әрі қарай өсіп кетуі әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуы керек,- деді Премьер-министр.

Бесінші тапсырманы Экология министрлігі мен өңірлердің әкімдіктеріне берді. Яғни, кәсіпорындарының, жылу электр орталықтары мен автокөлік шығарындыларына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы