Мамин бизнеске қатысты бірқатар тапсырма берді

3 Тамыз 2021, 10:22
3182
Бөлісу:
Мамин бизнеске қатысты бірқатар тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты. 

Шағын және орта бизнесті қолдау – экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Осы жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 142 млрд теңгені құрайтың 334 жобаға қолдау көрсетілді. Жылдың аяғына дейін 424 млрд теңгені құрайтын 724 жобаға қолдау көрсету жоспарда бар, - деді Мамин.

Премьер-министр атағандай, ал осы кезеңде Бизнестің жол картасы аясында 492 млрд теңгені құрайтын 23 мың жобаға қолдау көрсетілді. 

Жылдың аяғына дейін 1,2 трлн теңгені құрайтың 32 мың жобаға қолдау көрсетіледі. Осы екі бағдарлама аясында 90 мың жұмыс орындары қамтылады. Бизнесті қолдауды ең көп қажет ететін бағыттар - сауда, қызмет көрсету саласы, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қоймалау, сондай-ақ құрылыс саласы, - деді ол.

Маминнің айтуынша, бүгінгі таңда бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген 1 теңге субсидия бюджетке салықтық түсімдер түрінде 6 есе болып қайтады. 

Пандемия жағдайында Бизнесті қолдау үшін Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірленген дағдарысқа қарсы шаралар өз тиімділігін көрсетті. Осы бағдарламалар бойынша жоспарланған барлық шаралар жылдың аяғына дейін толығымен іске асырылуы керек. Бақылау Әлихан Асханұлына жүктеледі, - деді Асқар Мамин.


 

Өзгелердің жаңалығы