Бас жаңалықтар
Мамин ауылдарды кең жолақты интернетке қосу бойынша бірқатар тапсырма берді
30 Қыркүйек 2020, 10:37 138

Мамин ауылдарды кең жолақты интернетке қосу бойынша бірқатар тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің онлайн отырысында ауылдарды кең жолақты интернетке қосу бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Елдің дамуы үшін интернетке кең жолақты қолжетімділікті дамыту мәселелерінің стратегиялық маңызы бар.«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу және интернетке мобильді қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жобалар іске асырылуда, - деді ол. 

Мамин жылдың аяғына дейін бұл 5,2 мыңнан астам ауылды қамтуға мүмкіндік беретінін айтты. 

Ауыл тұрғындарының 99 пайызға жуығы кең жолақты интернетке қол жеткізетін болады. Ауылдарды кең жолақты интернетке қосу жөніндегі биылғы барлық жоспар мерзімінде іске асырылады, - деді ол. 

Мамин атап өткендей, ауылдарды кең жолақты интернетке қосу бойынша жобаларды тиімді іске асыру үшін әкімдіктер қажетті инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етулері қажет. 

Ол үшін биылғы шілде айында жабдық орнатуға жер телімдерін алуды жеңілдететін тиісті заңнамалық түзетулер қабылданды. Әкімдіктер интернет өткізу жұмыстарына кедергі келтіретін осы рәсімдерді тез жүргізсін. Цифрлық даму министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, тұрғындары 250-ден аз ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етудің график-жоспарын әзірлесін, - деді Мамин.

Премьер атағандай, интернеттің сапасын арттыру аса маңызды. Қазір бұл оқушылар мен студенттерді қашықтан оқыту кезінде аса өзекті болып табылады.

Ол үшін техника сатып алу жүргізілуде, байланыс қызметтері мен интернеттің сапасын бақылау үшін барлық ресурстар бар.Әрбір тұрғын үй мен ұйымның интернеті мен байланысы сапалы болуы керек.Сондықтан нақты талаптарды белгілеу керек және тиісті жабдықты орнату мәселесін пысықтау қажет. Цифрлық даму министрлігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, осы мәселелерді шешуі қажет, - деді ол. 

Маминнің айтуынша, жоғары технологиялы шешімдердің дамуымен электронды сауда, денсаулық сақтау, білім беру, электронды мемлекеттік қызмет салаларында, 4.0 Индустрияда және жасанды интеллектте цифрлық құзыреттердің дамуы да өзекті бола түсті.

Цифрлық даму министрлігі Білім беру министрлігімен, «Атамекен» палатасымен бірлесіп, нарықтың әлеуетті қажеттіліктеріне байланысты IT-мамандарды дайындау мәселесін пысықтасын, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//