Бас жаңалықтар
Мамин Ашхабадта ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады
30 Мамыр 2019, 17:31 525

Мамин Ашхабадта ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 31 мамырда Асқар Мамин Ашхабадта (Түрікменстан) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТМД қатысушы-мемлекеттер үкіметтерінің басшылары Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды, ғылым және инновациялар, кедендік бақылау, зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау және т.б. саладағы ынтымақтастық тетіктерін қарайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...