Бас жаңалықтар
Максим Споткай: Қазақ халқы ерекше алғысқа лайық
VIDEO
27 Ақпан 2021, 12:50 257

Максим Споткай: Қазақ халқы ерекше алғысқа лайық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сенат аппараты басшысының орынбасары Максим Споткай ата-бабаларының өмірін сақтап қалған қазақ жұртына алғысы шексіз екенін жеткізді.

Алдымызда келе жатқан алғыс айту күні – мәні терең, маңызы зор мереке. Бұл – жаныңда жүрген туыстарыңа, ортаңа және достарыңа еш себепсіз алғыс білдіруге мүмкіндік беретін күн. Әрине ең алдымен, ризашылығымызды туған жерімізге, Қазақ еліне білдіруіміз қажет. Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі, қазақтар қиын-қыстау заманда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қолдау көрсетті. Сондықтан ата-бабаларымыздың өмірін сақтап қалған Қазақ еліне, қазақ жұртына мың да бір алғыс айтамын, - дейді ол.

Максим Споткай қасиет қонған Қазақ еліне ғана емес, ата-анасына, ұстаздарына, достарына, әріптестеріне де алғысын білдірді.



Фото: дереккөз
Загрузка...