Бас жаңалықтар
Мақсат Толықбай ресми түрде Мәжіліске кандидат болып тіркелді
04 Желтоқсан 2020, 16:04 246

Мақсат Толықбай ресми түрде Мәжіліске кандидат болып тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына ADAL партиясының партиялық тізімін ресми түрде тіркеді. 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңның 89-бабына сәйкес, тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының 30 пайызынан аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі. Партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс, - деді ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Оның айтуынша, ADAL партиясының партиялық тізімінде 16 адам бар. Оған бес әйел және 29 жасқа толмаған азаматтар енгізілген.

 Яғни бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,2 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына «ADAL» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады, - дейді ОСК мүшесі. 

Айта кетейік, ADAL партиясының Мәжіліске ұсынған тізімінде танымал журналист Мақсат Толықбай, спортшы Ардақ Назаров, Қазақстанның қой шаруашылығы қауымдастығының жетекшісі Алмасбек Садырбаев, партияның Нұр-Сұлтандағы өкілдігінің жетекшісі Мұрат Қожамқұлов және т.б. адамдар бар.


Фото: дереккөз
Загрузка...