Бас жаңалықтар
Мәдениет министрі халық алдында есеп беріп жатыр
14 Мамыр 2021, 11:28 244

Мәдениет министрі халық алдында есеп беріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі өтіп жатыр.

Министрліктің барлық қызметі Мемлекет басшысының жолдауларына, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларына, Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына негізделген.

Биыл еліміздің басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Мерейтойды атап өту жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес министрлік жоспарланған барлық шараның уақытылы және сапалы өткізілуін қамтамасыз етеді. Әр шара ұлттың мәдениетін ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған, - деді министр.

Барлық іс-шара жыл басынан БАҚ-та кеңінен насихатталып жатыр.

Бүгінгі күні 300-ден астам материал шықты.

Оның сөзінше, мәдениет және спорт қайраткерлерімен 100-ден аса сұқбат жарияланды.

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпан айы «Қазақстан – спорттық ұлт» атауымен өтті. Оның аясында 150-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, - деп айтты Райымқұлова.


Фото: дереккөз
Загрузка...