Мақтааралдың зардап шеккен тұрғындарына өтемақы төлене бастады

22 Мамыр 2020, 10:00
977
Бөлісу:
Мақтааралдың зардап шеккен тұрғындарына өтемақы төлене бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Түркістан" ӘКК" АҚ жанындағы "Түркістан" әлеуметтік даму Корпоративтік қоры Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы зақымдалған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін өтемақы төлеу бағдарламасын іске асыруда.

Бұл туралы аталмыш қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарлама әр отбасы үшін үш ірі траншпен 17 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуді көздейді. Бүгінгі күні 19 отбасы 8,5 млн теңге көлемінде бірінші транш алды (жалпы соманың 50%). Қалған 25% - дан 2 транш тұрғын үй құрылысының барысында төленеді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі зақымдалған тұрғын үйлерді есептеу және тұрғындарға өтемақы алу үшін керек құжаттарды жинау бойынша көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінгі таңдағы ақпаратқа сәйкес, зақымдалған тұрғын үйлердің саны 200-ден асады.

Өзгелердің жаңалығы