Мәжіліс ИИДМ басшысы қызметіне Роман Склярдың кандидатурасын мақұлдады

25 Ақпан 2019, 17:28
1938
Бөлісу:
Мәжіліс ИИДМ басшысы қызметіне Роман Склярдың кандидатурасын мақұлдады

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындау үшін Роман Склярдың кандидатурасы мақұлданды.


Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, Үкімет басшысының тапсырмасымен кандидатураны Премьер-министр кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды. 

Мәжіліс Комитетінің мүшелері Роман Склярға бірқатар сұрақ қойды. Талқылаудан кейін оның кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін Роман Скляр Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарған. Аталған министрлікті Жеңіс Қасымбек басқарған еді.
Өзгелердің жаңалығы